Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

«Балаларыңды үйге қайтар. Олар далада қалды» – Қайрат Нұртас елден сөз естіді

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде бала күнгі суретімен бөлісті. Көпшілік әртістің кішкентай ұлы Ханның әкесінен айнымай қалғанын жарыса жазды. Кейбір желі қолданушылары өнер иесінің ажырасқаны туралы қауесеттерінен кейін оны сынға алып, балаларын үйіне қайтаруға кеңес берді, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас кішкентай кезіндегі фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда бас киім киіп алған балақай Қайраттың қолында ойыншық ұстап отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі суретіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген. Қалың көпшілік әнші мен оның кіші ұлы Ханның өзара қатты ұқсайтындарына таңдаған.

«Ханның көшірмесі» , «Хан әкесінен айнымайды екен ғой» , «Мен мына баланы Хан деп қалдым. Әкесі мен баласы қалай қатты ұқсайды» , » Тәтті балақай» , «Еш өзгермеген» , «Бұд Хан емес пе?» , «Хан әкесінің аузынан түсіп қалғандай» , » Хан деп қалдым. Ұлыңыз сізге қатты ұқсайды екен» , – деп жазды халық.

Сонымен қатар, өнер иесінің отбасына асқан алаңдаушылық білдіргендер де табылды. Олар Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқаны жайлы қауесеттерден кейін, ерлі-зайыптыларды қосуға ниеттенді. «Өзің әлі баласың» , «Балаларыңды үйге қайтар. Олар болса далада қалды. Бір бөлмеге сыймай жүр» , – деп жазды желідегілер.

Қатысты жаңалықтар

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы

azatmedia

САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

azatmedia

Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары

azatmedia