Алматыдағы «Алтын Орда» автотұрағыда болған қырғынғы қатысты, бүгін базар әкімшілігі түсінік берді. Олар автотұраққа жауапты жұмысшылар пышақ алып жүреді дегенді жоққа шығарды деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Даулы оқиға «Алтын Орда» базарының маңында болған.
«Қызымның туған күніне дайындалмақ болып, әйелім екеуміз азық-түлік алуға базарға барған болатынбыз. Сауда орталығына келгенде автотұраққа кіргізетіндер маған дөрекі сөйлеп, «ақша төлемесең, кірмейсің» деді. Мен оған жөнімді айттым. Көнбеді. Кейін артымыздан келіп көлікті ұрып қоқаң-лоққы көрсетіп, пышақ алып шықты. Сол жердегі адамдар да көлігімізді ұра бастады», – деді жәбірленуші Николай Жигунов.
Осылайша, жанжал соңы төбелеске ұласқан. Адам қарасы да көбейіп, олар көлікті қолына түскен затпен ұрып, автотұрақтан қуып шыққан. 28 жастағы жүргізуші бұл істе өзінің де кінәсі бар екенін мойындады. Дегенмен «базар қызметкері онда суық қарумен жүрмеуі керек» деген пікірде.
«Иә менде дөрекі сөйледім, менде кейбір жерлерде қатты кеттім. Бірақ қанша дегенмен де автотұрақтағы жігіттің бізге пышағын ала жүгіргені дұрыс болмады. Әрі олар жабылып көлігімді ұрып әйелім екеумізге тап бергені әрине орынсыз. Жұбайым қазір осы жағдайдан қанша стресс алды», – дейді жәбірленуші.
Ал оның әйелі Анастасиz Жигунова күйеуінің сөзіне қосылатынын жеткізді. «Кешегі жағдайдан кейін әлі есеңгіреп жүрміз. Түні бойы ұйқымыз да тыныш болмады. Біздің талабымыз кінәлілерге әділ жаза берсін. Мен бір ғана базар жұмысшысын емес бізге жабыла кеткен барлық адамдардың жазалануын сұраймын», – деді ол.
28 жастағы жүргізуші көлігімнің бірнеше жеріне зақым келді деп отыр. Николай Жигуновтың айтуынша, оны қалпына келтіруге шамамен 340 мың теңгені қажет. Ал базар басшылығы болса бұл оқиғада ешкімді жақтамайтынын жеткізді. Әйтсе де қызметкерінің пышақпен жүрді дегенін жоққа шығарып отыр.
«Біздің сауда орталығында қызметкерлеріміз пышақ ұстап, пышақпен жүрмеген. Кешегі автотұрақтағы жұмысшыда да суық қару болмаған. Ол жігіт бізде 1 жылдан аса жұмыс жасайды. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес. Бірінші рет болып тұр», – деді «Алтын орда» сауда логистикалық орталығы директорының орынбасары Жұмаддин Патов. Автотұрақтың жұмысшысы қазір облыстық ауруханада жатыр. Ал полиция бұл іс бойынша сотқа дейінге тергеуді бастаған.
«Дерек сотқа дейінгі біріңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық кодекстің 293 бабы 2-ші бөлігінің 1-тармағы яғни «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы. Ал базар басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін жүргізушілер өзімен тиын-тебен алып жүргендері дұрыс екенін сөз етті. Олардың мәліметінше, автотұрақты ақысыз жасау әзірге жоспарда жоқ. Модерницазия жұмыстары бітсе, электронды терминал қондырғыларын орнатамыз деп уәде берді.