Соңғы жаңалықтар

КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Келес ауданында аймақ басшысы Жәнібек Ағыбаев көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілермен марапаттады. Оның ішінде, 6 ана «Алтын алқа», 15 ана «Күміс алқа» төсбелгісін алды. Іс-шара барысында аудан әкімі көпбалалы аналардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне жоғары баға беріп, мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға және аналарды қолдауға ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Мәдениет саласының қызметкерлері мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, бүгінде Келес ауданында 5 446 «Батыр ана» тұрады.

Көпбалалы аналарды мемлекеттік марапатпен ұлықтау – олардың отбасындағы ерен еңбегін, бала тәрбиесіне қосқан үлесін және қоғамдағы маңызды рөлін мойындаудың белгісі. Ана еңбегі әрдайым құрметке лайық құндылықтардың бірі саналып, отбасы берекесін сақтаудағы аналардың орны ерекше бағаланады.

Келес ауданында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына мүмкіндік жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Отбасы құндылықтарын насихаттау, аналарға құрмет көрсету және жас ұрпақты ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі.

Марапатталған аналардың әрқайсысы – отбасы тәрбиесінде өнеге көрсетіп, бірнеше ұрпақтың қалыптасуына үлес қосып жүрген жандар. Олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегі кейінгі буынға үлгі болып, отбасы институтының маңызын арттыра түседі. Осындай игі шаралар арқылы мемлекет тарапынан ана мәртебесін көтеруге, көпбалалы отбасылардың беделін арттыруға және қоғамдағы мейірімділік пен сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғаса береді.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ РОССИЙСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯ

azatmedia

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАР ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ

azatmedia