Соңғы жаңалықтар

Ресейде «Путин ұры» деген мыңдаған астам адам ұсталды

Аzat-media.kz. Кремль сыншысы Алексей Навальныйды босатуды талап еткен митингілер кезінде ұсталғаны расталғандар саны 3500-ден асты. Бұл туралы «ОВД-Инфо» басылымы хабарлады, – деп жазады centralasian.org.

Басылымның мәліметінше, ұсталғандардың көбі Мәскеу (1360) мен Санк-Петербург (523) үлесінде. Новосибирскіде 97, Воронежде 92, Қазанда 92, Нижний Новгородта 90 адамның ұсталғаны анықталған.

Басылым ұсталғандар санын жиі жаңартып жатыр. Соған қарағанда бұл ақырғы сан болуы ықтимал.

23 қаңтар күні Ресейдің жүздеген қаласында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды босатуды талап еткен наразылық акциялары өтті.

Навальный 17 қаңтар күні Берлиннен Мәскеуге оралған бойда қамауға алынған. 18 қаңтар күні Мәскеу соты оны 30 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Осы мерзім аралығында оның шартты жазасын қамауға ауыстыру туралы отырыс өтуі керек. Әңгіме 2014 жылғы «Ив Роше» ісі жөніндегі сот шешімі төңірегінде болып отыр. Навальный жақтастары шартты жазаның өткен жылдың соңында аяқталғанын айтады.

23 қаңтар күні болған митингілерге Навальныйдың өзі шақырған. Ол бұл үндеуін 18 қаңтар күнгі сот отырысының алдында жолдаған. Кейінірек оның штабы нақты күнді хабарлады.

Митинг күні және оның қарсаңында Ресей билігі Навальный жақтастарын ұстап, тінтіп, оларға деген қысымды күшейтті.

44 жастағы Навальный Ресей президенті Владимир Путиннің ең басты қарсыласы саналады. Өткен жылы тамыз айында оппозициялық саясаткер Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатып, есінен танып қалды. Екі күннен соң ес-түссіз күйі Германияға жеткізілген Навальный Мәскеуге оралғанға дейін сол емделген. Германия үкіметі Навальныйдың «Новичок» дейтін жүйке жүйесін сал ететін умен уланғанын мәлімдеді. Оны ресми Берлиннің өтінішімен бөлек талдау жүргізген үш тәуелсіз зертхана растаған.

Навальный қамауға алынғаннан екі күн өткен соң оның штабы «Путиннің сарайы» дейтін екі сағаттық зерттеу фильмін жариялады. Youtube желісінде жарияланған зерттеу осы уақытқа дейін 77 миллион көрілім жинап үлгерген.

Қатысты жаңалықтар

ПРИНИМАЮТСЯ ЗАЯВКИ НА РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЭТАП КОНКУРСА «ЕҢБЕК ЖОЛЫ»

azatmedia

Депутат Талғат Балтабаев «Жол картасы» бойынша кезекшілікте болды

azatmedia

3 баланың анасы 3 жыл бойы алимент төлемеген бұрынғы күйеуін праймеризден тапты

azatmedia