Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

Жаңа президенті сайланды

ЖАңа президент

Португалиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Марселу Ребелу де Соуза айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Azat-media.kz ақпараттық порталы Еuronews сайтына сілтеме жасап.

Марселу Ребелу де Соузаның кандидатурасын дауыс берген сайлаушылардың 60%-дан астамы қолдаған. Осылайша де Соуза екінші мандатқа ие болады.

Сайлауда «Тоқта» оңшыл партияның жетекшісі, университет профессоры Андре Вентураға сайлаушылардың 12% -ы дауыс берген. Социалистердің кандидаты, заңгер және бұрынғы дипломат Ана Гомеш шамамен 11% дауыс жинады.

Бұл сайлауды сарапшылар пандемия мен соның салдарынан туындаған дағдарыс кезіндегі мемлекеттік саясатқа сенім білдіру деп бағалады. Португалия экономикасы карантин шектеуінен қатты зардап шеккен елдердің қатарында. Сарапшылар бұл күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады деп қауіптенді.

Дауыс беру қарсаңында Португалияда COVID-19 жұқтырғандар мен аурудан қайтыс болғандардың саны бойынша антирекорд тіркелді, осыған байланысты билік сайлауды қауіпсіз өткізуге бағытталған шараларды қолға алды.

Қатысты жаңалықтар

«Ер есімі – Ел есінде» мемориалы ашылды

azatmedia

«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТТЕР 10 МАУСЫМНАН БАСТАП ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРГЕ БАРАДЫ

azatmedia