Соңғы жаңалықтар

Мақсат – таза ауыз сумен қамтамасыз ету

Түркістан облысы Келес ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Оның ішінде ауданға қарасты Бозай елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына қажетті ПСД жасалып, сараптау комиссиясынан өтіп, Келес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылған. Ендігі кезекте Республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы қарау кезеңіне келіп тұр.

Жалпы бұл ауылдық округіндегі 661 балаға білім беру үшін №59 Б.Момышұлы,  №58 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептер және №12 Наурыз бөбекжай бақшасы мен «Нұрай-2017»  жеке меншік балабақшасы жұмыс істейді.

Алдағы уақытта Тентексайелді мекенінен 150 оқушы орынға арналған бастауыш мектеп құрылысы үшін СЖТ әзірленіп,  ЖСҚ дайындау үшін аудандық  құрылыс бөлімі тарапынан аудандық бюджеттен 793,546 мың тенге бөлдіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР 54 365 ТОННА БИДАЙ МЕН АРПА ӨНІМДЕРІН ЖИНАП ОТЫР

azatmedia

Елдіктің нышандары көздің қарашығындай қорғалуы тиіс

azatmedia

Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан алатын болды

azatmedia

Пікір қалдыру