Қоғам

Аядай ғана ауылдың өз жиһаз цехі бар

4 мыңға жуық тұрғыны бар аядай ғана Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округінде жиһаз цехі мен наубайхана ашылды  – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы. Осылайша ауыл тұрғындары өздерінің қажеттіліктерін біршама өздері өтеп отыр.

Ауылдарда жиі ұшыраса бермейтін жиһаз цехін ашқан кәсіпкер Нұрболат Балықбаев. Қазірде бұл бизнесі арқылы 4 бірдей адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың әрқайсан беретін айлық жалақысы 100 мың теңгеден жоғары. Кәсіпкер тұрмысқа қажетті жұмсақ жиһаздарды тапсырыс арқылы әзірлейді. Құны көлеміне қарай 80-150 мың теңгенің  шамасында. Дайын өнімдерін аудан орталығы мен көршілес Сарыағаш ауданындағы сауда нүктелеріне сатылымға шығаруда.Кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттен қандай да бір көмек алып, өз кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар биыл ғана ашылған Шанақ ауылына қарасты Ақжар елдімекенінен ашылған наубайхананың да жұмысы алға басып келеді. Кәсіптің көзін тапқан Айнұр Бұғыбаева мұны отбасылық бизнеске айналдырған. Күніне тапсырысқа байланысты 150-200 нан дайындап, нарықтағы бағамен саудалауда. Кәсіпкер Үкімет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алудан үмітті.

Қатысты жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҮЙРЕТЕЙІК

azatmedia

КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру