Қоғам

Астық өндіруден алдыңғы қатардағы ауылдық округ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық округі биыл астық өндіруден өңірде алдыңғы қатардан көрінді – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Ауыл шаруашылығын өркендету жайы біршама уақыттан бері қозғалып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселе жайлы биылғы жолдауында да сөз етті. Ондағы Үкіметке жүктелген міндет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізу жайы болатын.

Осы тапсырманының негізінде зерделер болсақ, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық округінде ауыз толтырып айтарлық тірлік тындырылғанын байқауға болады. Сөзімізді аядай ғана өлкенің биыл ауданда астық өндіруден алдыңғы қатардан көрінгендігі қуаттайды. Себеп ауылдық округке тиесілі бар болғаны 17 мың гектардың шамасындағы егістік алқаптың 13 мыңынан астамы игерілгендігі. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2000 гектарға артқан. Әр гектардан 25,0 цн өнім алынды.  Қалған бөлігіне тыңайту жұмыстары жүргізіліпті.  Негізінен өңір дихандары бидай егуге дағдыланған. Сонымен қатар шаруалар биыл мақсары, арпаның да бітік шыққанын алға тартып отыр.

Ауыл әкімдігі бұл көрсеткішті келесі жылы тағы да жоғарылатуға күш салмақ.

Қатысты жаңалықтар

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ БАСТАУЫ

azatmedia

Ордабасыда кәсіподақ белсенділері марапатталды

azatmedia

Енді тойға барғандарға да айыппұл салып, шырылдатады

azatmedia

Пікір қалдыру