Қоғам Соңғы жаңалықтар

«Екі күйеуім бар» – Қоғам белсендісі өзінің жаңа күйеуіне іздеу салды

Алматылық қоғам белсендісі, «Qamqor ana» қорының жетекшісі Аида Букаева ипотека арқылы үй рәсімдеу кезінде өзінің жаңа күйеуі бар екенін білді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нотариуста ипотека бойынша алған үйін рәсімдеу кезінде қоғам белсендісі Аида Букаева қызық әрі қиын жағдайға тап болған. Ол басынан өткен жайтты бірден әлеуметтік желіде жазды.

«Бүгін нотариустан естіген жаңалықтан күйеуім екеуміз талып қала жаздадық. Нотариус базада менің жаңа күйеуімнің бар екенін және оның өзімнен төрт жас кіші екенін айтты. Күйеуім маған қалжыңдап, «ипотека алмай-ақ қоярмыз, мүмкін сен олигархтың әйелі шығарсың» дейді. Мұндай «қателіктерге» етім үйренгендіктен бе, техникалық ақаудан кеткен олқылық шығар деп, жайбарақат қараймын. Электронды кілт ЭҚК – бөлек әңгіме. Менің электронды кілтім флэш картадан үнемі жоғалады да жүреді. Күн сайын қалпына келтіремін десем артық айтпаймын. Бірақ бүгінгі жаңалық үстімізден су құйғандай әсер етті. Мені құттықтап қойыңыздар, менің су жаңа күйеуім бар. Нөкен Ануар Жұмағұлұлы! Некеге дейін тегі Есімов болыпты. Некелескен соң менің нағыз күйеуімнің тегіне өткен екен. Ең қызығы, өзімнің нағыз күйеуімнің базадағы мәліметтерінде мен әйелі болып тіркелгенмін. Менің екі күйеуім бар. Бұл енді шектен шыққандық, адамдар! Сіздердің көмектеріңізбен жаңа күйеуім табылып қалар. Енді Нөкен тегін алған Есімов Ануарды іздеу керек. Егер біреуіңіз жаңа күйеуімді тауып жатсаңыздар, бірден үркітіп алмаңыз. Бес баласы мен өзінен 4 жас үлкен әйелі бар екенін білсе қорқыныштан өліп кетіп жүрер.

Медеу аудандық ХҚО-ға барсақ, электронды үкімет порталы арқылы түзетуге өтінім беріп, бір күту керексіз деді. Ал Медеу аудандық АХАЖ базасында бәрі дұрыс, онда өз күйеуім шығып тұр», – делінген жазбада.

Аида Букаева KAZ.NUR.KZ тілшісіне Facebook-тегі жазбадан кейін мәселесінің сол күні-ақ шешілгенін жеткізді. Естеріңізде болса, Аида Букаева былтыр пандемия ушыққан жаз мезгілінде ерікті ретінде облыс аудандарды аралап, ауруханалардағы дәрі-дәрмек пен аппарат жетіспеушілігін әшкерелеуге ат салысты.

Айта кетейік, қоғамдық қор құрып, Алматы қаласы бойынша жетім-жесір, мүгедек, жағдайы жоқ жандарға көмектесіп жүрген бес баланың анасы әлі күнге өзінің баспана мәселесін біржақты шеше алмай келеді.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИТСЯ ЕЖЕДНЕВНЫЙ МОНИТОРИНГ ПО СТАБИЛИЗАЦИИ ЦЕН НА ПРОДУКТЫ ПИТАНИЯ

azatmedia

Сарыағаш: Қызылжар елді мекеніндегі көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған

azatmedia

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда

azatmedia