Басты жаңалықтар

«Бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың біразы үш әріп боп сүмелеңдеп жүр» – журналист

Сауле Абдыхалықсы

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы ұлттық қауіпсідік саласы мен ішкі істер органдарында істейтін қазақ жастарына арнап арнайы пост жазғаны белгілі болды. Ол өзінің жазбасында үш әріп пен полиция қызметінде жұмыс істейтін қазақ жігіттері мен қыздарына жүйеге емес ұлтқа қызмет етуге шақырыпты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, қазіргі жүйе еркін ойлы жастардың санасын улап, өз халқына айдап салып отыр.

«Бүгінде қазақтың ынтымағын жоюға, ұлтшылдардың ауызбіршілігін ыдыратуға үш әріп сұмдық жұмыс істеп отыр. 

Мың қазақ түгіл, екі-үш қазақтың басын біріктірмейді. Ортасына өтірік, өсек атты бомба тастай салады. Бір-біріне айдап салып, бірімен бірін жұлыстырып қойып, алақандарын ысқылап, шиқ-шиқ күліп отыр…

Бірақ олар да – қазақ.

Сонау сәбеттік НКВД, КГБ мектебін көрген, соларға еңбек сіңірген алдыңғы буын шал-шауқандарға мейлі дейік. Олар өзгермейді. Көрге ұлтын сатқан кәпірлер боп барады. Пайғамбарлар да оларды құтқара алмайды…

Ал жап-жас, нағыз еліне еңбек етер бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың үш әріп боп сүмелеңдеп жүргеніне не дерсің… Надандық пен рухсыздық мәңгүрттікпен тең екен…» – деп жазған өзінің фейсбук парақшасында.

Осылай деп атап өткен ол жастарды ойлануға шақырған. 

«Үш әріп пен полисайда жұмыс істейтін қазақ жігіттері мен қыздары, ойланыңдар. Өз қазағыңа қастандық жасау жақсылыққа апармайды. НКБД тәсілін қатты меңгеріп, асып түстіңдер ғой, сол қабілеттеріңді өзгенің пайдасына емес, өз еліңнің пайдасына жұмса. Сендерді жұмақ пен тозаққа апарар жол – өз қолдарыңда.

Әсіресе Тәуелсіздіктен кейін туған жастар, ойланыңдар. Еркіндік рухы сендерде, бізге қарағанда, жүз есе артық! Сол рухты сезініңдер.

Бүгінде дір-дір етіп екі тізесі дірілдеп, бірін бірі «сатқын» көріп, телефонда сөйлесуге, смс жазысуға, бір-біріне лайк басуға қорқып отырған қазақ «біз көк бөрінің ұрпағымыз!» деп батыр ата-бабаларын түгендеп, бір-бірімен желіде «шабысып» отыр…», – деп атап өткен жазба авторы. 

Қатысты жаңалықтар

Үздік мектеп үлгілі оқушыларды шақырады

azatmedia

Экс-шенеунік көше сыпырып, қоқыс жинаудан құтылды

azatmedia

Экс-депутат 1,7 миллиард теңге жымқырған

azatmedia

Пікір қалдыру