Соңғы жаңалықтар

Енді жаяу жүріп-ақ ақша табуға болады

Жаяу жүретіндерге 100 долларға дейін төлемақы беріледі, – деп хабарлайды парламенттік «Халық сөзі» газеті.

Бастама Өзбекстанда қолға алынып отыр. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды

«18 жастан асқан адамдар күндізгі уақытта он мың немесе одан да көп қадам жасаса, электрондық әмиянына үш мың сом (0,3 доллар шамасында) салынады», – деп жазылған басылымда.

Ай сайын қала тұрғындары арасында ең көп жүретіндерге шамамен 30 доллар, ал облыс тұрғындарына 50 доллардан төленеді. Елдегі үздіктер, шамамен, 100 доллар алады.

Жаяу жүру нәтижелерін есептейтін арнайы сайт жасалады. Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілері үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді. Мұндай тауарлардың тізімі жазылмаған.

Қатысты жаңалықтар

800 мың теңге. Мұғалімдерге сыйақы берілмек

azatmedia

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ НА КНИЖНОЙ ЯРМАРКЕ «FARABI OFFLINE: ПАРАҚTIMES» БЫЛИ ПРЕДСТАВЛЕНЫ КНИГИ 18 УЧРЕЖДЕНИЙ

azatmedia

Пікір қалдыру