Басты жаңалықтар

«Мемлекет тарапынан алған қолдауды тиімді пайдалану керек»- кәсіпкер

Сүт

Бүгінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, өз кәсібін ашу арқылы тұрмыстық жағдайын жақсартып жатқан ауыл азаматтары жетерлік, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Жігерген ауылдық округінде де Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп жатыр.

Атап өтсек, ауыл тұрғыны Алкбаева Гүлсім қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 555 000 теңге грантты өз жеке кәсіп жобасын қорғап ұтып алып, сүт, май, құрт өнімдерін өндірумен айналысып жатыр.

Аталған өнімдерді базарлар мен экспортқа шығару бағытын дамыту мақсатынад іс бастаған тұрғын алдымен ақшаға ірі қара мал алған. Бүгінде қолдан жасалған сары май мен құрттың келісін 2000 теңгеден саудалап жатыр. Мемлекет тарапынан алған қолдауды тиімді пайдаланып жатқан азамат кәсібін ары қарай дамытпақ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда тоқал-туыстарына бизнес ашып берген шенеуніктер әшкереленеді

azatmedia

Экс-депутат 1,7 миллиард теңге жымқырған

azatmedia

Өзінің құлағын, мұрнын кесіп тастаған (Фото)

azatmedia

Пікір қалдыру