Соңғы жаңалықтар

4,8 миллион теңге. Маска тақпағандар айыппұл арқалайды

Azatmedia.kz. Алматылықтарға маска режимін бұзғаны үшін 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 8 қазаннан бастап Алматыда бақылау топтардың жұмысы қайта жанданды. Олар шектеу шараларының сақталуын қадағалап жатыр.

«2020 жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1860 нысанды тексерді. 439 нысанда карантиндік, оның ішінде маска режимінің бұзылғаны анықталды.

Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4,78 миллион теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама толтырылды», – деді Бекшин.

Қатысты жаңалықтар

Еліміздегі жастардың жартысына жуығы шетелге толықтай кетуді жоспарлап жүр

azatmedia

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

azatmedia

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi» мекемесiне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

azatmedia

Пікір қалдыру