Соңғы жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЛЕНГЕР БАЛМҰЗДАҒЫНЫҢ» ҚОЙМАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың елді мекендердің санитарлық тазалығы мен инфрақұрылымдық жағдайларына жүргізген жоспарлы зерделеу жұмыстары барысында Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Өркенді елді мекенінде орналасқан «Ленгер балмұздағы» ЖШС қоймасында болды. Жұмыс сапары аясында кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен танысып, қызметкерлермен пікір алмасты.

Бүгінде ауданда жүргізіліп отырған кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті экономиканы дамыту бағытындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде іске қосылған аталмыш қойманың жалпы сыйымдылығы 180 тоннаны құрайды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын балмұздақ өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр. Ай сайын орта есеппен 55 тоннаға дейін өнім таратып, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруда.

Кәсіпорынның негізгі ерекшеліктерінің бірі – жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығы. Қазіргі таңда мұнда 16 адам тұрақты еңбек етеді. Қызметкерлер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек ортасы қалыптастырылған. Бұл – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң ықпал етуде.

Аудан әкімі нысанды аралау барысында қойманың материалдық-техникалық базасына, өнімдерді сақтау және тасымалдау жүйесіне оң бағасын беріп, кәсіпкерлік бастамалардың өңірдің экономикалық дамуына қосып отырған үлесін атап өтті. Сонымен қатар, өндірістік және логистикалық бағыттағы жобаларды қолдау арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру маңызды екенін жеткізді. Қазіргі таңда ауылдық округтерде кәсіпкерлік саласының дамуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде. Осындай кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті экономиканың дамуына, салық түсімдерінің артуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына негіз болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ 10 ТҰРҒЫН ҮЙГЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

azatmedia

«ЫРЫС АЛДЫ-ЫНТЫМАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

azatmedia

Соңғы бір жылда қазақстандықтардың табысы қалай өзгерді?

azatmedia