Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АҚШ-ТЫҢ АРИЗОНА ШТАТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Аризона штатындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Хью Холлман бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде білім беру, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынас жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтіп, өңіраралық байланысты дамыту екі елдің өзара сенімін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Сондай-ақ Түркістан облысы халықаралық серіктестермен білім, ғылым, туризм және инвестиция бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрдайым ашық екенін жеткізді. Облыста АҚШ-тың қатысуымен білім ордасын құру немесе мамандарды бірлесе оқыту, осы саладағы әріптестікті тереңдету, әсіресе, ауыл шаруашылығын цифрландыру, терең өңдеу саласының мамандарын даярлау маңызды екеніне тоқталды.

Хью Холлман Түркістанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, Аризона университетімен және іскерлік орта өкілдерімен байланысты дамытуға қызығушылық білдірді.

Кездесуге Аризона университетінің Табиғи ресурстар және қоршаған орта мектебінің практика доценті Ола Лундемо, Аризона университетінің Жоғары білімді зерттеу орталығының профессоры, интернационалдандыру жөніндегі деканы Дженни Джийон Ли, Аризона университетінің білім беру серіктестіктері жөніндегі аға директоры Рики Салазар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Аризона штатының Құрметті консулы Айсұлу Абдыбаева қатысты. Қос тарап жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамыту, академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ туризм саласындағы өзара байланысты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, білім беру, ғылым, туризм бағыттарындағы нақты жобаларды зерделеп, әріптестікті нығайтуға уағдаласты.

Қатысты жаңалықтар

Жігергенде егін шаруашылығы жандануда

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ВЫСТАВКА ПРЕДМЕТОВ РУКОДЕЛИЯ ЛЮДЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ

azatmedia

Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

azatmedia