Басты жаңалықтар

Ғарышта 7 ай жүргендер Қарағанды облысына оралды

Караганды

Қарағанды облысына ғарыштан оралған ресейліктер пандемияға байланысты әдеттегідей сый-құрметке бөленбеді. Жезқазғаннан 150 шақырым жерге капсуламен түскен «Союз МС-16» ғарыш кемесінің экипажы шұғыл түрде еліне жөнелтілді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Капсуладан алдымен экипаж командирі Анотолий Иваншин шығарылды. Одан соң инженерлер Иван Вагнер мен Кристофер Кессиди шыққан. Бәрінің де денсаулығы жақсы. Ғарыш экспедициясында жеті ай жүргендер медицина, ғарыштық биология және физико-химиялық процестерге сараптама жасапты. 

Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды. Пандемияға байланысты оларды күтіп алғандардың да қарасы азайған. Ғарышкерлер әзірге індеттен аман екенін растайтын анықтама алған жақындарымен ғана кездесе алады.

Қатысты жаңалықтар

«Екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды» – министр «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» бағдарламалары туралы айтты

azatmedia

Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білу міндеттелгелі жатыр

azatmedia

«Мемлекет тарапынан алған қолдауды тиімді пайдалану керек»- кәсіпкер

azatmedia

Пікір қалдыру