Соңғы жаңалықтар

Күрт азайған Ұлттық қорға қауіп төніп тұр

Azatmedia.kz. Мәжілістің пленарлық отырысында депутат, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі Дания Еспаева биыл ұлттық қордың активі 26,6 трлн. теңгеге азайып, ішкі жалпы өнімнің 30% төменгі шектік деңгейіне таяғанын, елдің табиғи байлықтарынан түсетін табысты үнемді пайдаланбау болашақ ұрпақтың игілігі үшін сақталған қаражаттың көлемін күрт азайтып жібергенін айтты, – деп хабарлайды arasha.kz.

Ол “2021-2023 жылдардағы ҚР Ұлттық қорындағы кепілді трансферт жөніндегі” заң жобасы аясында бұл салаға қатаң регламенттеу принциптерін енгізу керек деп санайды. Халық қалаулысы трансферттерді тек әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, экономикалық өсім әкелетін ұзақ мерзімді қаржылық жобаларға ғана жұмсау қажет дейді. Ал, оның жүзеге асырылуына ашық мониторинг жүргізіп, лауазымды тұлғалардың жұмысына бақылау жасау керек. “Ақ жол” партиясы сонымен бірге ұлттық қордан салиқалы және базалық зейнетақы үшін қаражат бөлуді қолдап отыр.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Қызылжарлықтардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалуда

azatmedia

Африкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын інісіне келін шай берді (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру