Басты жаңалықтар

Экс-депутат 1,7 миллиард теңге жымқырған

Университет

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот алдына ЖОО-ның бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас есепші Жанайым Спабекова келді.

Жанайым Спабекова да кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, оның да жеке мүлкі тәркіленетін болды.

Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі 2013-2018 жылдар аралығында университетке 10 миллиард теңгеден аса қаржы аударған. Прокурордың мәліметінше, Шыныбеков пен Спабеков жыл сайын Студенттер санын жасанды түрде арттырып, осы сомадан 1 миллиард 727 миллион теңге жымқырған. Ұрланған миллиардтар пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны белгілі болды.

Еске салайық, Дамир Шыныбеков былтыр 29 мамырда қамауға алынған болатын. Университет басшысы қызметін 2009 жылдан бері атқарған еді 2017 жылы Шыныбеков Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Қатысты жаңалықтар

«КҮМІС ДОМБЫРА»: АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

azatmedia

Қазақстанда 241 мұғалімнен коронавирус анықталды

azatmedia

Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты

azatmedia

Пікір қалдыру