Білімді жастардың шет елге кетіп қалмауы үшін жоғары білімді тегін ету қажет. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.
Смирнова қазақстандықтардың көбі шетелге жоғары білім алу үшін кетіп жатыр деп санайды. Көбі сол елде қалып қояды. Қазақстан адами капиталды, еңбек ресурстарын жоғалтуда. Бұған жол бермеу үшін депутат елдегі жоғары білімді тегін етуді ұсынады. Бұл тек ғалым болғысы келетіндерге қатысты.
«Көптеген жоғары оқу орындарында білім алу ақылы, әсіресе гуманитарлық салада. Сондықтан ғалым болғысы келетін жастар тегін білім алу үшін басқа елдерге кетеді. Біздің жас ғалымдар Германияда да, Францияда да тегін жоғары білім алуда. Бүгінгі таңда Ресейде көптеген университеттер тегін жоғары білім береді. Әрине, бәрі бірдей университеттерді бітіре алмайды, бірақ мұнда келуге әркімнің мүмкіндігі болуы керек», – деді Ирина Смирнова
«Жастардың шет елге кетуі. Себептері және оған қалай қарсы тұруға болады?» атты дөңгелек үстелде.
Қазақстан коммунистік халық партиясының мәліметтері бойынша, 15 пен 29 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың жартысына жуығы шетелге оқуға немесе тұрақты тұруға кетуді жоспарлап отыр.
Global Dialog білім беру порталының мәліметтері бойынша Австрия, Франция, Германия мемлекеттік университеттері тіпті шетелдіктер үшін де тегін. Алайда оқыту мемлекеттік тілде өтеді. Ағылшын тілінде оқу ақылы болады.