Басты жаңалықтар

Сәтбаевта 5 жастағы қызды зорлаған педофил түрмеде асылып өлді

Түрме

Тергеу изоляторында отырған 62 жастағы күдікті камерасында асылып қалған. Күдіктіні камераларды тексеріп жүрген кезекші тауып алған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Atameken Business сайтына сілтеме жасап.

Өзіне қол жұмсаған ер адамның денесінен соққы іздері табылмаған. Бүгінде қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары бұл істің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

«6 қазанда кішкентай қыз баланы зорлады деген күдікпен ұсталған ер адамның  денесі тергеу изоляторынан табылды. Шақырған бойда келген жедел жәрдем күдіктінің қайтыс болғанын нақтылады. Әзірге суицид жасады деген болжам бар. Марқұмның денесінен жарақат іздері табылған жоқ», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 23 шілдеде Сәтбаев қаласында 62 жастағы күдікті кішкентай қыз баланы үйіне кіргізіп қамап ұстаған. Ол бүлдіршінді зорлады деген күдікпен қолға түскен.  Оқиға орын алған түні Сәтбаев тұрғындары күдіктінің үйін қоршап алып, оны өздеріне табыс етуді талап еткен болатын.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанға түбі АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауға тура келеді

azatmedia

Елімізде корей кеспесін сатуға тыйым қандай жағдайда алынатыны айтылды

azatmedia

«Салт-дәстүрді әбден мазақ етті»: беташарда ақша шашқан танымал эстрада жұлдызын жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру