Соңғы жаңалықтар

Жағымды жаңалық: Тоқаев заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген.

Қатысты жаңалықтар

Кітап – рухани қазына

azatmedia

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

azatmedia

ӨЗ ІСІНІҢ БІЛІГІР МАМАНЫ БОЛУ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

azatmedia

Пікір қалдыру