Басты жаңалықтар

«Праймериз Ресейде де өтті ғой. Не өзгерді?» – журналист

Нур Отан

Соңғы кездері күн тәртібінен түспей тұрған праймериз науқанына қатысты қоғамның пікірі екіге бөлініп отыр. Бір тобы партия ішіндегі бәсекелестікті арттырып, сайлаудың ашықтығына алып келетін тың дүние деп жатса, екінші тарап сол баяғы науқаншылдыққа негізделген кезекті саяси ойындардың бірі деп есептейді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап

Қоғам белсендісі әрі сарапшы Қуаныш Еділхантегі өзінің facebook парақшасында праймеризге дауыс бергізу үшін жергілікті әкімдердің ілден-ақ науқаншылдыққа салына бастағанын жазған. 

«Праймеризге дауыс беру үшін мұғалімдерді базаға тіркелуге мәжбүрлеу басталған екен. Директорлар арқылы сол баяғыша еріксіз «ерікті» түрде тіркей бастапты.

Бұл енді нағыз сорақылық. Зорлап дауыс бергізгенше праймеризді өткізбей-ақ қойғандары дұрыс еді. Алдымен ол байғұстарды «Нұротанға» сұрамастан-ақ мүше қылады, артынан сайлау комиссияларына қалағанынша пайдаланады.

Ендігісі мынау. Сұмдық қой!», – деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сол секілді журналист Мақсат Толықбай да өзінің ойын білдірген. Оның ойынша, праймеризден көп пайда жоқ. 

«Праймериз Ресейде де өттіғой. Не өзгерді? Кез-келген мэр (әкім) өзінеыңғайлыкандидаттыіздейді. Бұрынғы командасын сақтап қалу үшін бар күшінсалатыны түсінікті. Сондықтан партия ішіндегі бәсекелестік ашық әрі әділ өтсін десе, «Нұр-Отанға» қоғамдық бақылауды барынша күшейткені абзал. Дауыс ұрлаған әкімді жазаға тартатындай ету керек. Әйтпесе, бәрі бекер. Ертең праймеризге қатысқандардың өздері-ақ шу шығарады. Праймеризге қатыспа демеймін (көре алмағандай боласың). Жаңашыл азаматтарды іріктеу, ашық бәсеке – әр партияның ішінде өтуге тиіс. Маған да ұсыныс түсті. Бірақ…
Журналист ешбір партияның мүшесі болмауы керек. Бәріне бейтарап қарауы керек», – деп ойын білдірген. 

Естеріңізде болса, бұған дейін белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желі бетінде хит болып тұрған праймериз науқанына қатысты өз ойын білдіріп, тағы бір пост жазған болатын.

Өз  жазбасында заңгер жұрттың бәріне праймеризге қатысуға мүмкіндігі берілгенімен, тікелей дауыс беру мүмкіндігін шектейтінін айтқан. Яғни мәслихат депутарына елдің барлығы дауыс бере алмайды. Ол үшін «Нұр Отан» партиясының мүшесі болуыңыз керек.

«Менің құқығым бұзылып жатыр!

Мәслихат депутаттарына дауыс бере алмайды екенмін, ол үшін «Нұр Отан» партия мүшесі болып тіркелу керексің дейді!
Ал мен ешқандай партияға мүше болғым келмейді!», – деп жазған. 

Қатысты жаңалықтар

«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

azatmedia

Әзербайжан елшісі: «Бізге Қазақстанның көмегі керек»

azatmedia

Елімізде радио және телеарналар уақытша өшіріледі

azatmedia

Пікір қалдыру