Ақпарат

Қазығұрттық ауылдағы электр бағаналары жаңартылады

Фото

Қазығұртта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылындағы А.Рахманбердіұлы, Т.Байжанұлы, А.Байзақұлы, А.Ахметұлы және С.Тұрдалыұлы көшелерін орта жөндеуден өткізуге 33 млн. теңге бөлініп, асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта аталған округ құрамына кіретін елді мекендердегі басқа да ішкі көшелер «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша орта жөндеуден өткізіліп, ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ Көкібел елді мекенінің кәсіпкері А.Куашов балық шаруашылығын дамыту бойынша қәзіргі таңда көлшікке су толтырып балық жіберіп, 100 миллион теңгенің жобасын жүргізіп отыр.

Сонымен қатар, С.Рақымов ауылдық округінің елді мекендерінің арық-атыздарын қоғамдық жұмыспен қамтылған азаматтар күшімен тазарту арқылы 2000 метр жерге механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, жардың шетіне жақын орналасқан қауіпі бар жерлер, арықтардың сырғыған-құлаған жерлеріне темір арматуралы сетка пайдаланып цементтен латок жасау жұмыстары жүргізілген. Атаплған лотоктың жалпы ұзындығы – 550 метр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

40 млрд-қа жуық жалақы алатын адам белгілі болды

azatmedia

Әрбір қазақстандық шетелге 9 мың доллар қарыз ба? – министрлік жауабы

azatmedia

Пікір қалдыру