Ақпарат

Қазығұрттық ауылда 20 000-ға жуық мал бар

Мал

Ауыл кәсіпкерлері мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша нәтижелі жұмыс істеп келеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі уақытта елімізде шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлініп, оның ішінде мал басын көбейту бағыты қолға алынған. Осы орайда түрлі мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, ауыл шаруашылығының аталған саласына көптеген қолдаулар көрсетілуде.

Мәселен, бүгінгі таңда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылдық округінде 30 мыңға жуық мал басы бар. Оның ішінде 4477 бас ірі қара, 2126 бас жылқы, 13104 уақ мал мен 10048 бас үй құстары бар. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлері мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша Ресейден 100-ге жуық қызыл ақбас сиыр сатып әкелген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта ауылдық округтегі шаруашылықтар мен жеке тұрғындардың малдарына малдәрігерлік қызмет көрсету бойынша вет пункт меңгерушісі Е.Сулейменов және 3-лицензиалы мал дәрігерлері қызмет көрсетіп жатыр. Осы орайда ауыл округі бойынша барлық ауыл шаруашылық малдары жұқпалы ауруларға қарсы жоспарға сәйкес емделіп, үй іргелік қора жайлар тұрақты түрде дизенфекциялануда. Одан бөлек, елді мекендердегі иесіз қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жою жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Қатысты жаңалықтар

ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

azatmedia

Қазақстанда балабақшалар әзірге ашылмайды

azatmedia

ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру