Ақпарат

БӘЙДІБЕКТЕ 700 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде орналасқан “Шаян” мектеп-лицейінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп ғимараты 1976 салынған, 3 қабатты, 2 корпустан тұрады. Оқу орнында 700-ден астам оқушы білім алады. Қазіргі таңда мердігер мекеме — «КазСтройЭверест» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Аталған мектептегі жөндеу жұмыстарының барысын аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев және аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев арнайы аралап, мердігер мекемелер мен жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жаңа оқу жылының басталуына дейін жөндеу жұмыстарының аяқталуын және жұмысшылар санын арттырып, сапаға мән беру керектігін тапсырды.Айта кетейік, реновация жұмыстары – ескірген білім нысандарын ыңғайлы әрі заманауи ғимаратқа айналдыруға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ЦИТАДЕЛЬДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

azatmedia

«AMANAT»: ТАЗАЛЫҚ БАР ЖЕРДЕ ТАРИХ СӨЙЛЕЙДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ӨЗБЕКСТАННЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia