Түркістан облысының шаруалары еліміздің көшбасшыларының бірі, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Қазіргі уақытта елімізде бау-бақша егу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, жер емген шаруаларға қолайлы жағдай жасау мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып тұр. Осы орайда Түркістан облысының шаруалары еліміздің көшбасшыларының бірі болып есептеледі.
Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы Көкібел елді мекенінің кәсіпкері Нұрболат Құралов 5,4 гектар жерге бау-бақша егу жұмыстарын жүргізіп, 7 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Жалпы құны 5,5 миллион теңгені құрайтын кәсіпті дөңгелетіп отырған азамат алманың голден және жұлдыз сорттарының 7200 көшетін отырғызып, 3 жылдан кейін өнім алуды жоспарлауда. Оның ішінде 3000 түп голден және 4200 түп жұлдыз алмасы.
Барлық қажетті қаржыны өз қалтасынан шығарып отырған кәсіпкер 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның айтуынша алма ағаштарын түрлі ауру мен зиянкестерден қорғау үшін жылына 5-6 рет залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, арнайы дәрілерін себеді екен.