Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көлікте жүру жаңа жүйеге көшеді

Шымкенттегі қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі іске қосылмақ, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында айтты. Қазіргі уақытта 350 автобусқа валидаторлар орнатылған. 15 қазанға дейін қоғамдық көліктердің бәрінде аталған төлем аппараттары болады.

1 қарашадан бастап қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне көшеді. Ол үшін тұрғындар арнайы карталарды сатып алуы керек. Төлем карталарының 4 түрі бар: стандартты, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған, жеңілдік жасалған жолаушылар карталары. Ал қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтардың карталарына суреттері қойылады. Оны алу үшін ХҚКО барып, тіркелу керек.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, аталған жоба жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың табысын айқындап, оларға тиімді субсидия бөлуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қоғамдық көліктердің жолақысын қолма-қол ақшамен төлеуге де болады. Бірақ баға біршама жоғары болатынын естен шығармаған жөн. Ал карталарды қаладағы кез келген азық-түлік дүкенінен сатып алуға болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГТАР БАУЫР ІСІКТЕРІН ХИРУРГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕУДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 600 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

Бұрынғы ең жас миллиардердің іш киіммен түскен видеосы желіні шулатты

azatmedia

Пікір қалдыру