Қоғам

Педагог мамандығын таңдағандар енді 42 мың теңге мөлшерінде стипендия алатын болады

стипендия

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі мәселелерді негізге ала отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім және ғылым жүйесіндегі маңызды тапсырмаларды қалай жүзеге асыратындығын айтып өтті, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді. Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр, дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айынан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды қабылдаудың және атқаралыған шаралардың арқасында биыл «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандар саны 1,7 есе өсті, ал көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден асты. Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады, дейді білім министрі.

Сондай-ақ білім министрі ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өскенін айтып өтті. Мұндай шара жас ғалымдарды қолдау үшін өте маңызды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және олар өз зерттеулерін жүргізумен айналысады.

Бұдан бөлек 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік гранттың құны айтарлықтай өсті. Бұл неге маңызды? Бұл жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді. Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қорытындысы бойынша берген тапсырмаларының барлығы ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады, деп ойын аяқтады.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұртта мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

azatmedia

Отбасының цифрлық картасы

azatmedia

САУРАН – ЫНТАМАҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

azatmedia

Пікір қалдыру