Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГТАР БАУЫР ІСІКТЕРІН ХИРУРГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕУДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН

Шымкенттік онкологтар бауыр ісіктерін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген. 2012 жылдан бері Шымкент қалалық онкология орталығында бауыр обыры бар науқастарға операциялар жасалып келеді. Бауырдың рагын емдеу үшін ота кезінде хирургтарға көбіне ісікті толығымен хирургиялық жолмен алып тастау тиімді. Өйткені, бауырдың ісігіне жасалатын ота күрделі, сол себепті де бұл операциялар ісіктің көлеміне қарай жеті сағатқа дейін созылуы мүмкін. Қазірде қаладағы онкологиялық орталықта бауырдың ісіктері кезінде жасалынатын әлемдік тәжірибедегі оталық емнің барлық түрлері енгізілген. Соңғы жылдарда хирургия бөлімшесінің онкохирургтары 79 ота жасаған. Оның ішінде: 13 оң жақты гемигепатэктомия, 11 сол жақты гемигепатэктомия, 26 бауырдың атипиялық резекциялары, 8 оң артқы бауыр секторэктомиясы (бауыр VI, VII сегменттерінің резекциясы), 1 оң алдыңғы бауыр секторэктомиясы (бауыр V, VIII сегменттерінің резекциясы), 20 басқа да операциялардың түрлері бар. Айта кету керек, орталықтың мамандары, ота түрін жетік меңгеру үшін, Монғолия, Франция, Корея елдеріндегі ауруханаларында оқып, біліктіліктерін жетілдірген. Қазіргі таңда білікті дәрігерлердің емдеу мекемесінде бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жедел көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында күнделікті жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДА ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ КУӘСІ БОЛСАҢЫЗ 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

azatmedia

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

azatmedia