Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолақы 100 теңгеге қымбаттайды

Шымкентте 1 қарашадан бастап қоғамдық көлік ақысын төлеу ережелері өзгереді, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

1 қарашадан бастап қаладағы қоғамдық көліктердің ақысын карта арқылы төлеу 70 теңге, қолма-қол төлеу 100 теңге болады. Көлік картасының бағасы – 500 теңге. Бұдан бөлек, жолаушылар SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады.

Төлем карталары қалада 3000-нан астам орында, дүкенде сатылады. Оларды банктердің банкоматтары немесе мобильді қосымшалар арқылы толтыруға болады.

«QazSmartTrans» ЖШС тарапынан 14 мың көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне («Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І – топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәлімет беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы да ашылған. Орталықтың нөмірі – 8 775 811 2222.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқаннан да асқан күшті бар

azatmedia

ТҮЛКІБАС: «САМАЛ» ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Lower Mortgage Rates Push More Borrowers To Refinance

azatmedia

Пікір қалдыру