Сұлтан Хамзаев жаңа жыл қарсаңында алкоголдік ішімдіктер сатуды тежеуді ұсынды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Хамзаевтың айтуынша, Ресейде жаңа жылдық мерекелерде алкоголді ішімдіктерден улану арқылы қайтыс болатындардың саны 2 есеге дейін артады. Қоғам белсендісі оны қысқартудың да жолын ұсынған.
Айтуынша, алкоголдік ішімдіктер 14:00-18:00 аралығында ғана сатылуы керек. «Аталған шара спирттік ішімдіктерден уланып, қайтыс болу көрсеткіші мен мастық әсерінен жасалатын қылмыс көлемін төмендетеді» дейді ол.
Айта кету керек, Хамзаев бұған дейін балаларға алкоголсіз сыра сатуға тыйым салуды ұсынған болатын. Оның пікірінше, кәмелет жасына толмаған балалар аталған сусынның дәміне үйренеді. Ал бұл болашақта оған деген тәуелділікке алып келеді.