Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Е. Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінде Рухани жаңғыру аясында 1970-1971 оқу жылында бітірген 50 жылдық түлектер және 2000-2001 оқу жылында бітірген 20 жылдық түлектермен «Самғатқан сан қыранды алтын ұям»тақырыбында мектепке келіп кездесу өткізді. Кездесу барысында осы жылдар арасындағы мектептің жетістіктері ұстаздар мен мектепке келген түлектердің балалық шақтары мен елімізге сіңірген еңбектері туралы бейнебаян түсірілді. 50 жылдық түлектер оқушыларға 120 мың теңге тұратын дербес компьютер сыйласа, 20 жылдық түлектер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жоба бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосып, мектеп кітапханасына жаңадан кітап сөрелері мен столдарды 1млн.300 мың қаржыға жасатып сыйлады. Ал 20 жылдық түлектер 1-11 сыныптағы сынып жетекшілері Зүбайра Патима, Болсын Рысқұлбек, Зүбайра Айша, Сұлтанқұлов Шүкірбекпен кездесіп «Менің мектептегі жылдарым» тақырыбында кездесу сұхбат өткізді.Бұл түлектердің өздерінің бітірген мектебіне келіп көмектерін көрсетіп демеушілік жасағаны ата аналар мен ұстаздарды және оқушыларды қуанышқа бөледі. Мектеп ұжымы мен ата аналар алғыстарын білдірді.Бұл іс шара жас ұрпақ бойына ізгі қасиеттер сіңірумен қатар, туған жерге деген қамқорлық пен қайырымдықтың үлкен көрінісін паш етті.Барлық түлектерге жақсылық пен ақ жол тілеген ұстаздар өз баталарын беріп қимастықпен шығарып салды. Міне біз осындай шәкірттерімізбен мақтанамыз. Мектебімізді бітіріп кеткен 50 жылдық, 20 жылдық және биылғы жылы бітіріп жатқан түлектерге мың алғыс!
Келесі жаңалық