G20 елдерінің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2020 жылдың ІІ кварталында 6,9 пайызға құлдырады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Интерфакс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
2020 жылдың І кварталында дамыған және дамушы елдердің экономикасы өткен жылдың қазан-желтоқсан аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 пайызға төмендеген болатын. ІІ кварталдағы көрсеткіштер 2009 жылғы әлемдік дағдарыс кезіндегі көрсеткіштерден асып түсті. Ол уақытта дағдарыс салдарына аталған елдердің ЖІӨ 1,6 пайызға құлдыраған еді.
G20 елдерінің ішінде Қытайдың ғана ЖІӨ көрсеткіші өскен (11,5 пайыз). Ал Үндістанның экономикасы 25,2 пайызға, Ұлыбританияның экономикасы 20,4 пайызға қысқарған.
«Moody’s» агенттігінің болжамы бойынша, G20 елдерінің экономикасы 2020 жылы 4,6 пайызға қысқарады. Сондай-ақ аталған елдердің ішін ОАР, Бразилия және Үндістанда пандемиядан кейін бірқатар экономикалық мәселелер туындайды.