Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округіне қарасты мектептердің инфрақұрылымы жақсарып келеді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округіндегі білім беру ісінде де ілгерілеу айқын байқалады, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Онда өңір басшысы аймақтағы білім беру ісіндегі өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстар жайына да тоқталды.

Қазіргі таңда округ аумағында 5 жалпы орта мектеп орналасқан. Жалпы мұғалімдер саны 354 болса, оқушылар саны – 3679.

Еліміздегі мектептердің инфрақұрылымындағы өзекті мәселенің бірі – әжетхананың сыртта, мектеп ауласында орналасуы. Аталған түйткілді мәселе өңірде шемімін тауып келеді. Атап айтсақ, бүгінде №64 А.Байтұрсынов және №76 мектеп әжетханасы ғимарат ішінде орналасқан. №11 М.П.Окороков мектебінің әжетханасының сметалық құжаты рәсімделіп, аудандық білім бөліміне тапсырылған.

Сонымен қатар №31 Т.Бигелдинов мектебінің ауласынан құдық қазып, су мәселесін шешіп беруге аудандық білім бөліміне тапсырыс берілген.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ МІНӘЙІМГЕ ТАРТУ ЕТКЕН СЫЙЫ

azatmedia

ДІНИ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

azatmedia

Елді мекен жолдары жөнделеді

azatmedia