Соңғы жаңалықтар

Адамзатты қандай мәселе алаңдатады?

Адамзаттың ең үлкен қорқыныштары туралы сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде адамдардың негізінен климаттың ауысуынан, жемқорлықтан, кедейшілік пен жанжалдардан қаттырақ қорқатыны белгілі болған. Бұл жайында «БҰҰ 75: біз қалаған болашақ, бізге керек БҰҰ» ұйымы хабарлады.

Сауалнама нәтижесінде, респонденттердің 49 пайызы жердегі экологиялық ахуалдың нашарлап жатқанын айтқан. 41 пайызын жемқорлық мәселесі алаңдатады екен. Сауалнамаға қатысқандардың 87 пайызы аталған мәселелерді халықаралық ынтымақтастық арқылы шешуге болатынына сенеді.

Сонымен қатар қысқамерзімді қажеттілік ретінде денсаулық сақтау, таза су, гигиеналық заттар мен білім алу мәселесі де аталған. Бір айта кетерлігі, денсаулық сақтау саласы 300 мыңға жуық сауалнамаға қатысқан адамдар үшін ұзақмерзімді қажеттілік саналады. Тағы 72 пайызы денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік жақсарады немесе бұрынғы деңгейде қалады деп сенеді.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды

azatmedia

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Poultry, Egg Industry Responds To Consumer-driven Challenges

azatmedia

Пікір қалдыру