Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі 500 адамға арналған тойхана мектепке айналды

Тойхана Мектеп

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желісіндегі парақшасында еліміздің үшінші мегаполисіндегі «Оңтүстік» атты салтанат сарайы мектепке айналып жатқанын мәлім етті деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Ол Шымкент қаласындағы 147 мемлекеттік мектептің 19-ы үш ауысымда екенін атап өтті. Шыңғыс Мұқанның сөзінше, жылына оқушылар саны 12 мың балаға артып отыр екен. Яғни, шаһарда мектеп жетіспеушілігі байқалуда. Ал мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов: «Осы қазір тойханалар жабық. Қашан ашылатыны белгісіз. Солардың иелерімен сөйлесіңдер. Олардың бірқатарын қосымша білім беру ұйымдарына айналдырайық» деп тапсырма берген көрінеді.

Осы орайда Шыңғыс Мұқан мемлекет басшысының жолдаудағы коронавирустың тағы екі жылға созылу мүмкін деп айтқанын еске салды.

«Оған дейін қалай болатынын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Оған дейін халық тойды шағын етіп өткізуді әдетке айналдырады деп ойлаймын. Үлкен тойханалардың сұранысқа бұрынғыдай ие болатынына күмәнім бар. Оның үстіне, адамдар көпшілік жерге баруға аяқ тартып қалған.

Осындайда Шымкенттегі 134 тойхананың тағдыры не болмақ? Бос тұра бере ме, әлде қоғамға басқалай қызмет ете ме? Мысалы, маңдайына «Салтанат» тойханасы деп жазылып тұрғаннан, сол ғимаратқа Білім сарайы деп жазып қойса, қандай керемет! Тіпті Білім сарайына иесінің атын берсін», – деп жазды Шыңғыс Мұқан Facebook-те

Қатысты жаңалықтар

«Отбасыңмен болу бір бақыт» – Қайрат Нұртас жариялаған сурет қызу талқыға түсті

azatmedia

Ресейде «Путин ұры» деген мыңдаған астам адам ұсталды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «БАР МЕЙІРІМІМІЗ – БАЛАЛАРҒА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру