Соңғы жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ШАРУАШЫЛЫҚ 1000 БАС АҚБАС ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАП ОТЫР

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Келес елді мекенінде орналасқан «KZ-21» мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін бақылады. Кездесу барысында мал шаруашылығын дамыту, өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Аталған кәсіпорын 2021 жылы іске қосылған. Мал бордақылау алаңының жалпы сыйымдылығы 2000 бас ірі қара малға есептелген. Қазіргі таңда онда қазақтың ақбас тұқымды 1000 бас ірі қара малы бордақылануда. Шаруашылық директоры Қайрат Тастанбековтың мәліметінше, кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Малдарды күтіп-бағу, азықтандыру және ветеринариялық бақылау жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Кәсіпорында өндірілген ет өнімдері ішкі нарыққа шығарылып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.

Аудан басшысы шаруашылықтың жұмысымен танысу барысында мал шаруашылығы саласындағы өндірістік қуатты арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға назар аударды. Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңір экономикасының нығаюына мүмкіндік беріп отыр.

«KZ-21» мал бордақылау алаңында мал басын көбейту, жем-шөп қорын тиімді пайдалану және өндіріс көлемін ұлғайту бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Шаруашылықта ірі қара малды күтіп-баптаудың заманауи әдістері қолданылып, малдың денсаулығын сақтау мен сапалы өнім өндіруге ерекше мән берілуде.

Мұндай ірі шаруашылықтардың дамуы ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып қана қоймай, отандық ет өндірісінің көлемін көбейтуге де ықпал етеді. Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттырып, мал шаруашылығы саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы бастамаларға қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.

Қатысты жаңалықтар

Шок! Белгілі ақын Елбасыға өлең арнады

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

azatmedia

112 CAII-ОРТАЛЫҚҚА ТӘУЛІГІНЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУ ТҮСУДЕ

azatmedia