Қоғам Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда өзінен 11 жас кіші қызды қарата алмаған ер адам ұят әрекетке барды

Талдықорған тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің бетін бері қарата алмай, ызаға булығып, оның ұят суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған, – деп хабарлайды zakon.kz.

23 жастағы бойжеткен бұл туралы полицияға 19 шілдеде шағымданған, оған сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

«Жәбірленуші ер азаматпен 2020 жылы байланысын үзген. Алайда бұған көнбеген күдікті қыздың қыр соңынан қалмай қойған. Ең соңында ол бойжеткенді интим суреттеріңді желіге жариялаймын деп қорқытқан», – дейді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

34 жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісінің аккаунтын бірнеше рет бұзған. Ол оның атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, интим суреттерін жүктеген.

Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жеткізілді. Полиция бөліміне жеткізілген ол бар кінәсін мойындады. Полиция Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі «Жеке баcқа қол сұқпаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

Дін және сенім

azatmedia

Don’t Expect Tax Reform To Give A Big Boost To The Stock Market

azatmedia

Ұлын 10 жылдан кейін көрген ана аяқасты қайтыс болды

azatmedia