Соңғы жаңалықтар Спорт

Сарыағаш: Қызылжарлықтардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде спорт саласының жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып келеді. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде айтты.

Қызылжар елді мекенінің орталығынан жабық спорт алаңшасы құрылысы үшін 0,2820 га жер учаскесі ажыратылып, сәулет жоспарлау тапсырмасы жасалып, ауданның құрылыс бөліміне тапсырылған. Бүгінгі таңда жабық спорт алаңшасының жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылысына қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде. 

Қызылжар елді мекеніндегі иесіз тұрған сыйымдылығы 12 адамдық спорт залды заң аясында сот тәртібімен меншік құқығын танып, аудан әкімінің қаулысымен «Қажымұқан» спорт мектебінің коммуналдық меншігіне өткізіп берілді. Бүгінгі таңда аталған спорт залды күрделі жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 21 млн теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар толығымен аяқталса, өңірдегі жастар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылданып, додаларда жеңімпаз боларына сенім мол.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

«Tik-Tok»-қа тыйым салынбақ

azatmedia

ПЕРВЫЕ ПОСЕТИТЕЛИ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКОВ В ШЫМКЕНТЕ ПОЛУЧАЮТ ПОДАРКИ

azatmedia