Қоғам

Шымкент: 30 медицина қызметкеріне өтемақы беріледі

Шымкент

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді, деп хабарлайды Azatmdia.kz

Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті.

«Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС арқылы 2 миллион теңгеден өтемеақы берілді. Қалған мамандардың құжатын арнайы комиссия тексеру үстінде», – деді Т. Варзилов.

Айта кетейік, медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал маман коронавирустан көз жұмса, 10 миллион теңге бөлінеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

NEET санаты: Жалқау жастарды қалай азайтуға болады?

azatmedia

Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Өрттің алдын алу шаралары

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру