Су айдындарындағы табиғи қауіптердің бірі – жұқа мұз. Негізінен мұз көктем мезгілінде үлкен қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Әдетте, су үстіндегі мұз қабаты бөліктерде әрқалай ериді: жағадан басталады да таяз су бөліктерінде, желден қорғалған бұлақтарда, содан кейін ортанғы бөліктерде. Мұздың беті бірдей емес, және ол әр жерде әр-түрлі қалыңдықта болуы мүмкін. Мұздың беткі жамылғысы жасөспірім балаларды оны беріктікке сынауға жиі тартады. Балалар мұз бетінде коньки тебуді және су айдындарында түрлі ойындар ойнағанды, сондай-ақ еріген жерлерде жүзу ойыншықтарын алып жүзгізіп ойнағанды ұнатады. Алайда мұндай ойындар қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға мұз үстінде болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. ҚР ІІМ 2020 жылғы 29 мамырдағы №438 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы » бұйрығының 14-тармағы, 16 тармақшасында жасөспірім балаларға ата-анасыз су айдындарының үстіне шығуға тыйым салынатындығы айтылады. Сонымен қатар егер сіз мұздың жеткілікті тұрақты екеніне сенімді болмасаңыз, онда аяқ баспауға кеңес береміз. Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпаңыз. Егер сіздің көз алдыңызда адам мұзға немесе суға түсіп кетсе, «101» немесе «112» теріп, болған жағдай туралы хабарлаңыз. Ал мүмкіндік болған жағдайда өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып зардап шегушіге қол астындағы мүмкін құтқару құралын беріп, оны мұздан шығаруға көмектесіңіз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызға қауіп туралы ескерту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Балалардың су айдындарында, өзендер бойында бақылаусыз болуына және ойнауына жол бермеңіз. Көктемгі кезеңде су айдындарының қауіпті екендігін айтып, онда жақындауға тыйым салыңыз.
Құрметті қала азаматтары, қазіргі кезеңде өте абай болғандарыңыз жөн. Жоғарыда аталған шараларды сақтау Сіздің және балаларыңыздың өмірін сақтауға мүмкіндік береді!