Соңғы жаңалықтар

Жарықтандыру жұмыстары жалғасады

Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі 2020 жылдың аяғына дейін орталық көшелер толық толықтай жарықтандырылады, деп Azatmedia.kz.

Биыл мемлекет тарапынан Қошқарата елді мекенінің Т.Борашев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, демеушілер тарапынан Бесқұбыр елді мекенінде Байшырақ ата көшесінен 600 метрі, Сұңқар көшесінен 700 метрі қаржыландырылып, көшелер жарықтандырылды.

Қошқарата ауылдық округінің аумағынан өтетін КХ -21 республикалық маңызы бар жол бойына жарықтандыру бағаналары мен жүйелері құрылысы жүргізілді. Оған мемлекет тарапынан қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

– Жобалар толық іске асқанда Қошқар ата елді мекені нағыз өркениет талабына сай елді мекенге айналып, келбеті көп өзгереді. Ауыл тұрғындары үшін жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрмысқа қолайлы жағдай жасалады, – дейді сала мамандары. – Сонымен қатар, 2020 жылдың екінші жарты жылдығына Байтерек елді мекенінің Жеңіс көшесінің 2440 метріне және Алғабас елді мекенінің Наурыз көшесінің 1100 метірін жарықтандыру жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды

azatmedia

«АЗАТ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

azatmedia

Қабланбекте кәсіпкерлік сала қарқын алған

azatmedia

Пікір қалдыру