Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округінде жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды azatmedia.kz.
Жамбыл елді мекенінде 318 оқушы оқыса, жалпы 31 мұғалім қызмет атқарады. Аталмыш елді мекеніндегі Ұстаздар көшесіне №29 жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстары басталды.
Жаңа мектептің құрылысы 300 орындық. 2020 жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі нысан болып табылады. Мектептің жалпы құрылыс құны 1,183 млдр. теңгені құрайды.Біз бұған дейін шағын мектепте оқыдық. Келесіде іні-сіңлілеріміз осы жаңа мектепте оқиды. Олар бізге қарағанда одан да үлкен көрсеткіштер көрсетеді деген сенімдеміз. Өйткені, бұл мектепте барлық мүмкіндіктер жасалған, – дейді мектеп түлегі Гүлзира Әлімжанқызы.
Соңғы заманауи үлгіде салынған жаңа мектепте күнделікті сабақтарға қажет құрал-жабдықтар, лабораториялық бөлмелер қамтамасыз етіліп, толыққанды компьютерлер жиынтығы жеткізілетін болады.
Аталған құрылыс нысанын «Евро-ремонт сервис» ЖШС-і 2021 жылы толық аяқтап, ауыл тұрғындарының игілігіне беруді көздеп отыр.