Ақпарат

Өнімдер шет елдерге экспортталуда

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округі егін өнімдерін шетелге экспорттауда, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Жалпы Ұшқын ауылдық округінде 3684 гектар жер көлемі бар. Оның ішінде елді мекен жерлер 1215,99 гектар, 1471 гектары жайылым, 744 гектар егістік жер оның ішінде суармалысы 706 гектар.
Ауылдық округінде 122 шаруа қожалығы, 3 өндірістік кооператив жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша негізгі өндірілетін өнім – көкөніс өнімдері.


Ағымдағы жылы ауылдық округі бойынша 186,8 гектарға дәндік жүгері егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 41 гектарға көбейіп гектарына 45 центнер алу жоспарлануда, 110 гектарға бақша дақылы егіліп гектар түсімі орташа есеппен 300 центнерден айналып жалпы 3300 тонна өнім алынды, Орта сатылу бағасы 30 тенгені құрады.

432,3 гектарға көкөніс дақылдары оның ішінде 199 гектарға көкорам гектарына 300 центнерден беріп жалпы 5970 тонна өнім өндіріліп көрші Ресей мемлекетіне жіберілді. 118 гектарға болгар бұрышы, 46 гектарға баклажан, 43,5 гектарға қызанақ, 5 гектарға сәбіз, 20,80 гектарға басқада көкөніс дақылдары егілді сүйтіп былтырғы жылмен салыстырғанда көкөніс өнімі 20 гектарға көбейді.


Жалпы ауылдық округінен ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, шаруаларды алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып егістік жерлерінен жылына 2-3 рет өнім алуды жүзеге асырып өнім көлемін артыруда.


Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемінің жарты жылдық қорытындысы 30 млн тенге болып жылдық көрсеткішін 60 млн тенгенге жеткізу межеленіп отыр.

уыл округінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп егістік көлемін ағымдағы жылы 28,10 гектарға ұлғайды. Бұл жұмыстар әліде жалғасып биылғы жылы айналымға тағыда 150 гектар қосу межеленіп отыр.


Егістік жерлердің көлемін ұлғайту арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, жұмыс орындарының көбейту, көкөніс өнімінің көлемін ұлғайту көзелуде.


Ауылдық округінде 2 мал бордақылау алаңдары жымыс жасап, онда жылына 12000 тона ірі қара мал еті және 6000 тонна жылқы еттері өндіріліп ел аумағына сатылуда.

Қатысты жаңалықтар

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 25 ӘМБЕБАП ДҮКЕН ИЕСІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Мұғалімдерді «ханым» және «мырза» деп атау ұсынылды

azatmedia

Пікір қалдыру