Ақпарат

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҮЙ АЛУДЫҢ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қызылқия ауылында Отбасы банк кеңесшілері Г.Абдикулова және Т.Абишева көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында, баспана алуға арналған бағдарламалар таныстырылып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Мәселен, көп балалы аналар, балаларының болашағы үшін қалалық жерден үй алғысы келеді. Ұл-қыздары оқуға түскен жағдайда пәтер жалдап, қиындық көрмесе екен деген армандары бар. Олар қазіргі таңда, жұмыссыз, тұрақты жұмысы жоқтарға банк тарапынан үй беріле ме, қандай жеңілдіктер қарастырылған, деген сұрақтарға жауап алғысы келетінін айтты.Көп балалы аналардың өтінішін тыңдаған банк кеңесшілері көбіне тұрғын үйге кезекпен өтіп тұрғанымен төлем қабілеттілігін (платежеспособность) растай алмай жататынын жеткізді. Ал, төлем қабілеттілігін растай алмаса, ипотека рәсімдей алмайды деген сөз. Кеңесшілер төлем қабілеттілігін растаусыз үй алудың шарттарын түсіндірді. Ол үшін отбасы банкіне кемі 3 жыл ақша салып тұруы қажет. ОП (оценочный показатель) минимум 16 болуы; алғалы отырған үйіңіздің 50% -ы жинақталған болуы шарт. Осы үш шарт орындалған жағдайда банк сізден 6 айлық жалақыны растайтын анықтама сұрамай-ақ, несиеге таңдаған үйін рәсімдеп береді.Сонымен қатар, «Ұлттық қор-балаларға» – бұл 2006 жылы және одан кейін туылған әрбір бала мемлекеттен инвестициялық табыстың 50 пайызын алатын бағдарлама. 2024 жылы бұл сома 100 доллардан асты. Аталған бағдарлама аясында биыл 18 ге толған азаматтар түскен қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту-жеке пәтерге жинақтауға, оқу ақысын төлеуге ала алатындығы түсіндірілді.Айта кетейік, банк консультанттары үй кезегінде тұрған, көп балалы ана, ½ топтағы мүмкіндігі шектеулі немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, ата-анасынан ерте айырылған жетім қалған балалар тарапынан мемлекеттен жалдап отырған пәтер ақысының 50 пайызын аталған банк арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылғандығын атап өтті. Бұл, мемлекеттік қолдау – пәтер жалдап тұратын отбасыларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.Одан бөлек, үй кезекте тұрған аталған банк салымшылары тұрғын үй құнының 20 пайызын құю арқылы баспанаға қол жеткізе алатындығы түсіндірілді. Сонымен бірге, жастарға арналған қосымша Наурыз, Отау, Асыл мекен, Бақытты отбасы, Шаңырақ, Нұрлы жер бағдарламалары бар екені таныстырылды. 

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ – ҚАЗЫҒҰРТТА

azatmedia

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

azatmedia