Ақпарат

Жол құрылысы қарқын алды

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінде барлығы 45 көше бар, оның жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрап отыр. Осы жылы яғни 2020 жылы Ұшқын ауылдық округінде жалпы 7 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізу көзделген, бүгінде оларға тиісті құжаттар жасақталып жатыр.


Қоралас елді мекеніндегі Жүзімдік көшесіне мемлекет тарапынан 7,4 млн.теңге қаржы бөлініп шағал тас төсеу жұмыстары аяқталып жол жақсарған. Сондай-ақ Қоралас елді мекеніне баратын 2,9 шақырым жолға 34 млн.теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ұшқын елді мекені, Қ. Қонысбаев көшесінің 700 метріне сметалық құжаттар дайындалып, 7,4 млн. теңге қаралған және тиісті қаржы қарастырылса жұмысты бастауға дайын.

Ал, Достық елді мекеніндегі Кескен, Болашақ көшелерінің шағал тас төсеу жұмыстарына сметалық құжаттары дайындалса, Ұшқын елді мекені Қ.Қонысбаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстарының тиісті құжаттары Келес аудандық әкімдігіне жолданып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

azatmedia

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

azatmedia

В Шымкенте в рамках эко акции «Таза Қазақстан» проходит неделя «Өнегелі ұрпақ»

azatmedia

Пікір қалдыру