Соңғы жаңалықтар

Білім ұялары жаңа оқу жылына дайын

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталуда, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Ұшқын ауылдық округінде жалып 2 орта, 1 бастауыш мектептері бар. Жалпы білім беру мектептеріде 1569 оқушы білім алуда. Биылғы жылы орта мектептерді 51 түлек бітіріп отыр. Олардың 34-і ҰБТ-ға қатысты.
Ұшқын елді мекеніндегі №20 Т. Бедияров атындағы мектепте жалып 1200 оқушы оқиды. ҰБТ тапсыру көрсеткіші бойынша былтырғымен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылап отыр.


«Төтенше жағдайдың жалғасуына байланысты 2020-2021 жаңа оқу жылына қашықтықтан және онлайн оқытуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай мұғалімдерді онлайн курстарына оқыту жоспарлап отырмыз. 1-сынып оқушыларын mektep.sitzen сайты арқылы қашықтықтан мектепке қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Мұғалімдер мен оқушылар компьютер, ноутбук, смартфондармен жабдықталған. Үйде оқитын 3 оқушыға мектептен 3 дана компьютер пайдалануға берілген»,-дейді Ержан Юсупов №20 Т. Бедияров атындағы мектеп директоры.

Сонымен қатар, ауыл округі аумағында 5 мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негіздегі балбақшалар жұмыс жасайды. Балабақшалардың жалпы барлығында 82 тәрбиеші мен 46 техперсонал жұмыс істейді, 483 бала тәрбиеленуде.


Бүгінгі таңға ауыл округі бойынша балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 93 пайызды құрап отыр.

Қатысты жаңалықтар

САМОЙ ДРЕВНЕЙ ШКОЛЕ ШЫМКЕНТА – 146 ЛЕТ

azatmedia

Жезөкшелерге бәсекелестер пайда болды

azatmedia

11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛУДА

azatmedia

Пікір қалдыру