Келес ауданының Ұшқын ауылдық округі жұмыссыздық мәселесін оңды шешіп отыр, деп хабарлайды azatmedia.kz
Бүгінгі таңда Ұшқын ауылдық округі бойынша 115 азамат жұмыссыздардың қатарына тіркелген болатын. Олардың қазірде 70 азаматы жұмыспен қамтылып отыр. Сондай-ақ жұмыссыздар қатарына тіркелген мүмкіндігі шектеулі 2 азамат жұмыс істеп жатыр.
Аталған жұмыспен қамтылған азаматтар жастар практикасы бойынша , қоғамдық ақылы жұмыстармен, құрылыс нысандарына, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге жолдама арқылы жолданды.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке жағдайы төмен 127 отбасыға тағайындалып, бүгінде аталған отбасылар қаржылай көмек алып отыр. Тұрмыс жағдайы төмен жәнеде жұмыссыз жүрген азаматтарды да жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жасалуда.
Ал, Ұшқын ауылдық округі бойынша екі отбасы мемлекет тарапынан бөлінген қаржы нақты айтқанда әлеуметтік көмектің қаржысының арқасында өз ісін ашқандар да бар. Бүгінде олар мал басын алып, енді бірі жылыжай шаруашылығы жүргізіп, ісін дөңгелетіп отыр.