Соңғы жаңалықтар

Магистратура: грант иегерлерінің тізімі шықты

Ма

Магистратура бойынша барлығы 10 202 адамға грант тағайындалды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, педагогтерді даярлау, құқық, менеджмент, ақпараттық технологиялар, филология, аударма ісі бағыттары бойынша жоғары конкурс нәтижелері тіркелген.

Ең жоғары көрсеткіш «Шет тілі педагогтерін даярлау» бағыты бойынша оқуын жалғастыруға ниетті үміткерде тіркелді. Ол жалпы 150 балдан 134 жинаған. Ал ең төменгі ұпай – 75 балл (ветеринария бағытында тіркелген).

8 қыркүйектен бастап әкімдік гранттарына құжаттар қабылданады. Ал 11 қыркүйекте жоғары оқу орындарына қабылдау аяқталады. Оқу жылы магистранттар үшін 14 қыркүйекте қашықтан білім беру форматы бойынша басталады. Лабораториялық жұмысты қажет ететін бағыттар бойынша қазаннан бастап ішінара қашықтан оқыту форматы қолданылуы мүмкін. Толық ақпаратты жоғары оқу орындарының өзінен алуға болады.

Гранттар тізімі

Қатысты жаңалықтар

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?» – Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

azatmedia

АКИМ ГОРОДА В РЕЖИМЕ ОНЛАЙН ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН

azatmedia

Сиви Керімбекованың өзiне не себепті жауласып жүргенін айтты

azatmedia

Пікір қалдыру