Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

AzatMedia. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерге мың алғыс!» атты жалпыұлттық акциясы қоғамдық бірлестіктермен бірлесе жалғасын табуда.

Бүгінгі акция барысында Толстова 121 мекенжайында орналасқан Шымкент қалалық «Жедел жәрдем көрсету станциясы» дәрігерлеріне алғыс білдірді. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.

Айта кетейік, «алғыс себеттерін» дайындауға «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Саранова Данара Юрьевна, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Балтабаева Жұлдызхан Шұхралиқызы, «Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байзакова Сабира, «Асыл жүрек» қайырымдылық қорының негізін салушы Алпысова Асель Серікбайқызы, Қазақстан темір-жол төрағасы Шалбаев Ержан Серікбайұлы, Зарина Жиенбаева қоғамдық бірлестігі, «Пища жизни» қайырымдылық қоры, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының төрағасы Абай Андабаев, «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алибеков Арман Найманбайұлы, «Жас ғалым – жастары» қоғамдық бірлестігі, Шымкент қалалық «Жастар мәслихатының» депутаты аталған акцияға қолдау көрсетті.

Еркітілер ұйымдастырған акция барысында барлық санитарлық сақтық шаралары ескерілді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Шанақ ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру